Алматы облысына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін
Алматы облысының әкімі ауысуы мүмкін. Өңірдің жаңа басшысын тағайындауға келісім беру мәселесін қарау үшін облыстық мәслихат депутаттары 4 қыркүйекте жиналады.
Жиын Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде өтеді. Депутаттар отырыста Алматы облысының жаңа әкіміне келісім беру мәселесін талқылайды.
Әзірге өңірді кім басқаратыны ресми түрде жарияланған жоқ.
Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімі қызметін Марат Сұлтанғазиев атқарып отыр. Ол бұл қызметке 2022 жылдың маусым айында тағайындалған.