14:42, 09 Шілде 2024
Алматы облысында 8 мың гектар жайылымдық жер заңсыз берілген
Алматы облысында жалпы көлемі 8 мың гектар жайылымдық жер учаскелерін заңсыз беру фактісі анықталды.
АШМ мәліметінше, оның ішінде 6 мың га Жамбыл, 2000 га Балқаш ауданына тиесілі. Жер учаскелері ҚР Жер кодексінің 43-1-бабын бұза отырып берілген.
Аумақтық департаменттің талап арызы бойынша Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы үлгілік шарттар жарамсыз деп танылды, делінген хабарламада.
Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.