Қоғам

Алматы облысында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді деген күдікке ілінді

Шамалған ауылындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы мұғалімді соққыға жықты деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 2026 жылғы 12 мамырда Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

мұғалім

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 16 қаңтар күні таңертең болған. Оқушы мен ер адам арасында жанжал туындап, соның салдарынан мұғалім дене жарақатын алған. Оқиғадан кейін жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады. Сонымен қатар іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолдануы мүмкін. Оқушыны профилактикалық есепке қою мәселесі де қаралады. Бұдан бөлек, сот ата-анасының әрекетіне де құқықтық баға бермек.

Тегтер: мектеп
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз