Live

Алматыда «Атажұрт» қозғалысының мүшесіне 216 мың теңгеден астам айыппұл салынды

Алматыдағы «Атажұрт» қозғалысының мүшесі Әсен Нұрсанға 216 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

айыппұл

Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері белсендінің үйіне барып, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы таныстырған. Заңға сәйкес, айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, оның мөлшері 108 125 теңгеге дейін қысқарады.

Полицияның мәліметінше, Әсен Нұрсан Facebook желісінде жарияланған бейнежазбада өзін ресми тіркелмеген «Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің мүшесі ретінде таныстырғаны және осы ұйымның қызметінің жария түрде таратылуына мүмкіндік бергені үшін жауапкершілікке тартылған.

Ал белсенді өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, шешіммен келіспейтінін мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз