Қоғам

Алматыда автобус соғылып, тоғыз жолаушы зардап шекті

Алматыда жүк көлігі аялдамада тұрған №137 автобусқа соқтығысты. Қоғамдық көлік қатты соққының әсерінен жеке үйдің қоршауына кіріп кеткен.

п

Алматы полициясы жол апатының сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болғанын мәлімдеді.

"Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдама кешенінде тоқтаған 137-маршрут автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жекеменшік үйдің қоршауына соғылған", – деп хабарлады полиция.

Жол апаты салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Тегтер: Алматы
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз