Live

Алматыда электрсамокат мінген 44 жастағы ер адам жиектасқа соғылып, қаза тапты

Алматыда электрсамокат тізгіндеген ер адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмды.

самокат

Қайғылы жағдай Төле би даңғылына жақын Варламов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы қала тұрғыны самокатты басқара алмай, жиектасқа соғылған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылып, дәрігерлер ер адамға реанимациялық көмек көрсеткен. Алайда алған ауыр жарақатынан ол қайтыс болды.

Айта кетейік, марқұмның басында шлем және басқа да жеке қорғаныс құралдары болмаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз