Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, қызметкер зардап шекті
28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan ұшағына жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде шағын өрт шықты.
Оқиға салдарынан Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алған.
Әуе компаниясының хабарлауынша, зардап шеккен қызметкерге медициналық көмек көрсетілді. Тексеру мен ем-домнан кейін ол ауруханадан шығарылған.
Өртті әуежайдың төтенше жағдайлар қызметі жедел сөндірді. Оқиға кезінде ұшақ бортында жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған.
Ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Қазір мамандар зақымдану деңгейін бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Air Astana тобы мен Алматы халықаралық әуежайы өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.