Қоғам

Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады

Алматы қаласындағы №126 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысының қазасына қатысты оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қайғылы жағдай 23 мамырға қараған түні Әуезов ауданында болған.

полиция

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға түнгі сағат 03:00 пен 04:00 аралығында тіркелген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бірнеше нұсқаны қарастырып, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мектеп ұжымы мен сыныптастары марқұмды оқу озаты әрі белсенді оқушы ретінде еске алады.

Лицей директоры Айжан Әбуеваның айтуынша, жасөспірім оқу үлгерімімен ерекшеленіп, шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту алған.

"Ол өте жақсы оқыды. Кейін белгілі болғандай, АҚШ пен Қытайдағы университеттерден ұсыныстар алған. Сонымен қатар қатарлас сыныптағы қызбен қарым-қатынаста болған", - деді мектеп директоры. 

Білім ордасының мәліметінше, түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижелер көрсеткен. Қаңтардағы сынақта 119 балл жинаса, кейінгі тестілеулердің бірінде 134 балл алған. Ол математика пәні бойынша түрлі олимпиадаларға да тұрақты қатысып жүрген.

Мұғалімдердің айтуынша, оқушының мінез-құлқынан немесе көңіл күйінен қандай да бір алаңдатарлық белгі байқалмаған. Қайғылы оқиға қарсаңында ол мектептегі соңғы қоңырау салтанатына дайындыққа қатысып, болашақ жоспарлары туралы әңгімелескен. Сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігінің мәліметінше, ата-анасы оқу процесіне белсенді араласып, мектеппен тұрақты байланыста болған. Сондықтан отбасы жағдайына қатысты түрлі болжамдар да тексеріліп жатқанымен, әзірге олардың ешқайсысы ресми түрде расталған жоқ.

Тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтағаннан кейін ғана қорытынды ақпарат жарияланады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз