Оқиғалар

Алматыда оқу-жаттығу кезінде екі полицей жарақаттанды

Алматыда оқу-жаттығу шарасы кезінде екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Полиция

Оның айтуынша, оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталған. Әділов ішкі істер органдарында қызметтік даярлық аясындағы жоспарлы оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

"Оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыстық гранаталар қолданылды. Ешқандай қауіп жоқ, тек жеңіл жарақаттар тіркелді. Барлық қызметкерлер жұмыс орындарына оралды", - деді министрдің орынбасары. 

Еске салайық, 9 маусым күні әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полиция қызметкерлерінің жаппай жарақат алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейбір дереккөздер 15 адамның зардап шеккенін жазған. Алайда Алматы қалалық полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарып, жаппай жарақат алу фактісі болмағанын хабарлаған еді. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз