Live

Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен келген: полиция әлеуметтік желінің ықпалын айтты

Алматыда мектеп оқушысының балтамен білім ошағына келгені туралы оқиғаға байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Мектеп

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Ведомствоның хабарлауынша, кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желілер арқылы берілген нұсқаулардың ықпалымен әрекет еткен және заңға қайшы іс-әрекет жасауды жоспарлаған.

«Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында құқыққа қарсы әрекеттің алдын алып, оның жүзеге асуына жол берілмеді», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар, жасөспірімді заңсыз әрекетке итермелеуі мүмкін тұлғалар да тексерілуде.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағанның заңды өкілдеріне қатысты бала тәрбиесіне салғырт қарау фактісі бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталған.

Полиция ата-аналарға балалардың интернеттегі әрекеттерін бақылауда ұстаудың маңызын ескертіп, күмәнді белгілерге дер кезінде назар аударуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін 5 ақпанда Құлсары қаласында да ұқсас жағдай тіркелген еді. Онда жасөспірім сыныптастарымен болған жанжалдан кейін мектеп дәлізінде балтамен жүгірген.

Тегтер: мектеп
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз