Оқиғалар

Алматыда оқушыны соққыға жыққан қыздардың ісі сотқа жолданады

Алматыдағы мектептердің бірінде болған жанжалға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын.

Алматы

Наурызбай аудандық полиция басқармасы оқиғаға қатысы бар мектеп оқушыларына қатысты істі «Бұзақылық» бабы бойынша тергеп жатыр.

Белгілі болғандай, оқиға биылғы наурыз айында болған. Бір топ мектеп оқушысы қатарлас қызға күш қолданып, болған жайттың бейнежазбасын әлеуметтік желіге жариялаған. Кейінірек видео өшірілгенімен, полиция қызметкерлері оны зерттеп, жанжалға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басын анықтаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленушіге медициналық, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіліп жатыр.

Полиция тергеудің департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталу сатысында.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз