Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:37, 24 Қаңтар 2024

Алматыда сүт безі обырына шалдыққандар саны күрт артып жатыр

Алматы
Фото: из открытых источников

Биыл Алматы қаласында ресми дерек бойынша, қатерлі аурулармен ауыратын адамдардың саны күрт өскен, деп жазды Zhasalash.kz.

Алматы онкологиялық диспансерінің директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетовің айтуынша, қазіргі уақытта 31 мыңнан астам адам тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8,2%-ға артық. 

Өткен жылы Алматыда 5,5 мыңға жуық науқас тіркелген. Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлерінің тізімінде:

- сүт безі обыры – 14,5% (794 жағдай);
- тоқ ішек обыры – 8,9% (489 жағдай);
- өкпе рагы – 6,0% (332 жағдай);
- қуық асты безінің қатерлі ісігі – 5,2% (288 жағдай).

Онкология орталығының маманының сөзінше, қатерлі ісік бойынша науқастардың басым көпшілігі басқа өңірлерден келуде.  

Бүгінде қалада сүт безі обырын скринингтік тексеруге арналған 37 маммограф бар. Республикада ауруды ерте анықтау мақсатында жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішек қатерлі ісігінің скринингтік бағдарламалары жұмыс істейді. 2023 жылы скрининг негізінде 298 жағдай анықталды, - деді Ізбағамбетов.

Назарларыңызға сүт безі обырының алдын алу бойынша ҰҒОО дәрігерлерінің кеңесін ұсынамыз. 

Жалпы онкологиялық аурулардың және атап айтқанда сүт безі қатерлі ісігінің қаупін азайту бойынша ұсыныстар:

  • Салмақты бақылау;
  • Физикалық белсенді болу;
  • Жемістер мен көкөністерді көп пайдалану;
  • Темекі мен ішімдіктен бас тарту;
  • Мүмкін болса, гормондық терапияны алмастырудан бас тарту;
  • Өздігінен тексерілу;
  • Сүт безінің ұлттық скринингінен өту.