Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматы уақытымен 10 сағат 10 минутта 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 20 мамырда Алматы уақытымен 10 сағат 10 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 380 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қ. 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, делінген хабарламада.
Ал, ертең Алматы қаласында 21 мамыр сағат 10:00-де жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді.
Құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, сбъектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі.
Осыған байланысты, Алматы қаласы ТЖ Департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына сабыр сақтап, ғимараттардан (тұрғын үй, пәтер) жедел эвакуациялау элементін пысықтауымен қатысуды сұрайды, дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Фото: Алматы әкімдігі