Қоғам

Алматыда журналист Гүлнәр Бәжкеноваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Алматы қаласының Бостандық аудандық №2 сотында Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бәжкеноваға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Бажкенова

Кезекті сот отырысында Қылмыстық кодекстің 274-бабы – көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша тағылған айып қаралды.

Отырыста сегіз жәбірленушінің үшеуі жауап берді. Олар – бизнес орталығының иесі Гүлмира Толғанбаева, ECSAD ЖШС-нің заңгері Болат Төлегенов және балық инспекторы Арғынғазы Сыздықов.

Жәбірленушілердің айтуынша, Orda.kz сайтында жарияланған материалдарда шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер болған және бұл олардың іскерлік беделіне зиян келтірген.

Еске салайық, Гүлнәр Бәжкеноваға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: 214-бап – заңсыз кәсіпкерлік; 274-бап – көрінеу жалған ақпарат тарату; 189-бап – бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету.

 Қылмыстық іс бойынша сот қарауы жалғасып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз