Live

Алматыдағы студент қыздың соққыға жығылу ісі прокуратураға жетті

Алматыдағы Қонаев университетінің студенті тұрмыстық жанжалдан кейін ауруханаға түскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жанжал бөлмені жинау мәселесінен басталған.

1

Жәбірленушінің сөзінше, оқиға 2025 жылғы 17 желтоқсанда, өзі әлі кәмелетке толмаған кезде болған.

Студент қыз өзін тұншықтырғанын, басын қабырға мен темір кереуетке ұрғанын, шашынан сүйреп, бөлмеден шығармай қойғанын айтқан.

Оқиғадан кейін оны жедел жәрдем алып кеткен. Дәрігерлер қызға бас-ми жарақаты, дене көгерулері, гематомалар және басқа да жарақаттар диагнозын қойған.

Алматы прокуратурасы оқиға болғанын растады. Алайда ведомство мәліметінше, төбелес кезінде екі студент те дене жарақатын алған.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша тергеу басталған.

Істердің бірі бойынша Абай облысынан келген студент қыз сот шешімімен кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Ал Атырау облысынан келген екінші студентке қатысты тергеу әрекеттері әлі жалғасып жатыр.

Прокуратура тараптардың біріне қамқорлық жасалды деген ақпарат расталмағанын мәлімдеді. Қазір істің тергелуі бақылауда тұр.

Тегтер: әлімжеттік
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз