Алматыдағы заңсыз тұрғын үй кешені бұзылды
Заңсыз салынып жатқан кезекті тұрғын үй кешені – «Graff» ТҮК соттың шешімімен бұзылды, деп хабарлайды Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы.
Бұл нысан Ерменсай ш/а, 7, 7 / 71 учаскесінде, яғни үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.
2023 жылы 20 қаңтарда басқарма тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылдады, ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берді.
Былтыр 24 шілдеде аудандық соттың шешімімен басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Нысан осы жылдың 29 шілдесінде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла басталды.
Айта кетейік, Алматы әкімдігінің шешімімен былтыр жыл басынан бері 40 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» ТҮК және т.б. толық немесе жартылай бұзылды.