Қоғам

Алматы көшелерін кеңестік кездегі атауымен атаған блогер айыппұл арқалады

Алматы соты Threads желісіндегі жазбасы үшін Mini Knopka деген атпен танымал блогер Айгерім Бердалиеваны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 550 теңге айыппұл салды.

Блогер

Іске блогердің Алматыдағы көшелердің атауын өзгертуге қатысты балағат сөздер қолданған жазбасы себеп болған.

Бердалиева Алматы көшелерінің атауын өзгертуге байланысты пікір білдіріп, кеңестік атауларды – "Ленина", "Фурманова", "Дзержинского", "Мира" және "Комсомольская" деп атайтындарды "нағыз алматылықтар" деп атаған.

Жазбадан кейін әлеуметтік желіде сын көбейіп, блогер жарияланымы үшін кешірім сұраған. Кейін PR-маман Айбар Олжаев құқық қорғау органдарына арыз түсіргенін хабарлады.

Осыдан кейін іс сотқа жетіп, блогерге айыппұл салынды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз