Алматы метросында бомба барын айтқан әйел ұсталды
Алматыдағы "Райымбек батыр" метро станциясында жарылғыш зат барын хабарлаған әйел ұсталды.
Оқиға орнына мамандар шақырылып, станция тексерілді.
Тексеру барысында жарылғыш құрылғы да, күдік тудыратын заттар да табылған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.