Алматы тұрғындарының су мен кәріз қызметіне берешегі 550 млн теңгеден асты
Алматы тұрғындарының су мен кәріз қызметі үшін қарызы 550 миллион теңгеден асып кеткен.
Оның шамамен 250 миллион теңгесі көпқабатты үйлердің тұрғындарына тиесілі болса, 300 миллион теңгеден астамы жеке үйлерде тұратын азаматтардың берешегі.
"Алматы Су" компаниясы коммуналдық қызмет ақысын әр айдың 25-іне дейін төлеу керегін еске салды. Төлем уақытында жасалмаса, 26 қазаннан бастап берешекке өсімпұл есептеледі.
Қарызын ұзақ уақыт өтемеген тұтынушылардың су беру қызметі шектелуі немесе толығымен тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар компания берешекті өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Мұндай жағдайда борышкерлер негізгі қарызды ғана емес, өсімпұл мен сот шығындарын да төлеуге мәжбүр болады.