Алматы жедел жәрдем диспетчерінде 17 қызметкер коронавирус жұқтырды
Алматыжедел жәрдемінің баспасөз қызметі 17 диспетчердің коронавирусқа шалдыққанын хабарлар отыр.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдемде қазір 3607 адам жұмыс істейді. Диспетчерлер саны – 98.
«COVID-19-ға қатысты жағдайбойынша, диспетчерлік бөлімде 1 маусымдағы жағдайға сәйкес – 17 диспетчерденкоронавирус расталды. Жұқпалы аурулар стационарларында сегіз адам жатыр,провизорлық стационарларда тоғыз адам жатыр», – делінеді жедел жәрдемніңбаспасөз қызметі берген хабарламада.
Жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысыГүлнар Қатыбаеваның дерегінше, қатынаста болғандар ретінде 15 адам анықталды,олардың арасында қызметкерлердің туыстары да бар. Барлығы оқшауланды.