Әлеумет

Алматыда физика-математика мектебіндегі 47 оқушы ауруханаға түсті

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы 12–13 қазанда ішек инфекциясына тән белгілермен ауруханаға жатқызылды.

Денсаулық

Қазір балалар дәрігерлердің бақылауында. Бұдан бөлек, мектеп-интернаттағы тағы сегіз оқушы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған. Оқушылардың бірнешеуінің туысы балалардың уланғанын айтып, олардың бойынан ішек таяқшасы анықталғанын мәлімдеген. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Жағдайға байланысты мектептің жұмысы уақытша тоқтатылды. Санитариялық мамандар тексеру жүргізіп, жаппай сырқаттанудың себебін анықтау үшін зертханалық талдауға сынамалар алды.

Ауруханаға түскен балалардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз