Live

Алматыда хайуанаттар бағының қызметкерлері мінген микроавтобус аударылды

Алматыда жол апатынан кейін хайуанаттар бағының қызметкерлері мінген микроавтобус аударылып қалды. Төрт адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты

Оқиға хайуанаттар бағының маңындағы Аппорт көшесінде болған. Mitsubishi Lancer жеңіл көлігі Daewoo Damas микроавтобусымен соқтығысқан. Соққыдан кейін микроавтобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, бүйірімен аударылған.

Микроавтобус салонында хайуанаттар бағының төрт қызметкері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар қызметтік тапсырмамен жолға шыққан. Барлығы жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің кейбірінің денесі көгеріп, соғылса, өзгелерінің сүйектері сынған. Ал Mitsubishi Lancer жүргізушісі дәрігер көмегіне мұқтаж болмаған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз