Видео

Алматыда ірі жол апаты болды

Алматыда жаппай жол апатынан екі адам ауруханаға жеткізілді.Оқиға 16 қазанға қараған түні Саин көшесінде болған.

Алматыда ірі жол апаты болды

Әлеуметтік желіде ірі апаттың видеосы жарияланды. Кадрда Toyota Camry минивэннің артына кіріп, аударылып қала жаздағаны көрсетілген. 

Қалалық ПД мәліметінше, апат сағат 22:20 шамасында болған. Жол апатына кінәлі Саин бойымен солтүстік бағытта келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі.

Апат салдарынан FAW jiefang жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Істі Әуезов ауданының полиция қызметкерлері тергеп жатыр.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз