Live

«47 оқушы ауруханаға түсті»: Алматыдағы РФММ асханасынан санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылардың жаппай ішек инфекциясына шалдығуынан кейін асхана тексерілді.

Мектеп

Нәтижесінде санитариялық талаптардың сақталмағаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тексеру барысында Master Food ЖШС-не қарасты тамақтану орнында азық-түлікті сақтау, тәуліктік сынамалар алу және оқушыларды тамақтандыру тәртібіне қатысты бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Осыған байланысты бес қаулы шығарылып, мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар тиісті құжаттары жоқ сүт өнімдері тәркіленді.

Әзірге балалардың неден уланғаны нақты анықталған жоқ. Мамандар су мен азық-түлік сынамаларын зерттеп, асханадағы беттерден шайынды үлгілерін алып жатыр. Сондай-ақ тамақтану орнының қызметкерлері медициналық тексеруден өтуде.

Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз