Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:11, 08 Қараша 2023

Әлімханұлы өзін балағаттаған әлем чемпионы Адамеспен жекпе-жекке шықпақшы

Жәнібек
Фото: из открытых источников

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жекке әлеуетті қарсыластарын таңдап, командасына сөз сөйледі, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпион Доминикан Республикасынан келген Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұған дейін Адамес балағат сөздер айтып, Әлімханұлына пікір білдірген болатын.

«Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Винченцо Гуалтьериді нокаутқа түсіріп, WBO және IBF титулдарын сәтті біріктірді. Енді Әлімханұлы өзінің промоутері Top Rank Boxing-тен Эрисланди Лара (WBA) немесе Карлос Адамеспен (WBC) жекпе-жек өткізуге келісуін сұрады», - деп хабарлайды Spanish Boxing Studs Media.