Видео

Ақмола облысында зираттан қару-жарақ табылды

Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан жасырылған атыс қару-жарағын тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Орыннан «НЦ-12» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, «Сайга-410» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленді.

Ақмола облысында зираттан қару-жарақ табылды

Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді.

Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қарудың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз