Әлеумет

«АҚШ-қа енді Иранмен келісім жасаудың қажеті жоқ» - Трамп

"АҚШ-қа енді Иранмен келісім жасаудың қажеті жоқ" – Трамп

Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонға енді Иранмен қандай да бір келісімге келудің қажеті жоқ екенін айтты.

«Ол уақыт әлдеқашан өтті. Бізде олардың ақшасы – жүздеген миллиард доллар бар. Сондай-ақ олардың бұғазы да біздің қолымызда!», - деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.

 Трамп Ормуз бұғазын меңзеген. Алайда АҚШ президенті нақты қандай қаражат туралы айтып отырғанын түсіндірмеді.

Бұл мәлімдеме Тегеранмен келіссөздерді қайта бастау әрекеттері жүріп жатқан тұста жасалды.

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, соңғы күндері Трамп вице-президент Джей Ди Вэнске Иранмен келіссөз жүргізуге өкілеттік берген. Ал Вэнс Иранның жоғары лауазымды өкілімен жеке кездесуді де қарастырған. Дегенмен, келіссөздерге дайындық әзірге бастапқы кезеңде болған.

Бұған дейін, 4 қарашада Вэнс Иранмен соғысты аралық сайлауда республикашылдардың жеңіліске ұшырауына себеп болған факторлардың бірі деп атаған. Сайлау қорытындысы бойынша демократтар АҚШ Конгресінің қос палатасында да бақылауды өз қолына алған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз