Видео

Ақтауда кәсіпорынның су құбырында ірі апат болды (видео)

19 маусымда кешке Маңғыстаудағы «Қазатомөнеркәсіп» атом электр станциясында құбыр жарылды, деп хабарлайды«Жас Алаш» Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда кәсіпорынның су құбырында ірі апат болды (видео)

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, биіктігі 10 метрге жететін су фонтан тәрізді атқылай жөнелген. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Компания «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-3-тегі теңіз суының сол жақ құбырындағы тексеру люгі жарылып кеткенін хабарлады.«Бірінші теңіз құбыры арқылы беру өшірілді, екінші құбыр жұмыс істеп тұр. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорынның ауыз су мен электр энергиясын өндіруіне еш шектеу жоқ», – деді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өкілдері.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз