Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды
Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде оқ-дәрі бөлшегі жарылды.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі оқиғадан зардап шеккендер жоқ екенін және ешқандай нысан қирамағанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, әскери бөлімнің техникалық аумағында құрғақ шөп өртенген. Өрт бұған дейін жоюға дайындалған оқ-дәрі бөлшегінің жарылуына себеп болған.
Қазіргі уақытта өрт ошағы оқшауланды. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қорғаныс министрлігі тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.
Еске салайық, 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласының маңындағы оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, артынша бірнеше жарылыс болған еді. Сол кезде қала тұрғындары Шымкент пен көршілес елді мекендерге эвакуацияланған.