Астана тұрғыны балаларын киноға түсуге уәде еткен алаяққа 600 мың теңге жіберген
Астана тұрғыны сериалға түсуге уәде еткен белгісіз біреуге 600 мың теңге жіберіп, алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Әйел WhatsApp желісінде алаяқтыққа тап болғанын айтып, полицияға хабарласқан. Жас жігіт белгілі бір ақыға киноға түсуді ұсынған.
Оның уәдесіне алданып, балаларына киноға түсемін деп 600 мың теңге жіберіпген. Алаяқтық әшкере болған соң жәбірленуші құқық қорғау органдарына хабарласқан.
«Тергеу барысында Астанада 22 жастағы қала тұрғынының үш алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстармен байланысы анықталуда. Тергеу барлық мән-жайды анықтауды жалғастыруда», - деді елордалық полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тергеуді бастады. Жас жігіт кінәсін мойындаған.