Live

Астанада автобуста шу шығарған жасөспірімдер туралы видеоға полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы автобустардың бірінде түсірілген видео тарады. Кадрларда бірнеше жасөспірімнің жолаушыларға кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқаны көрінеді.

1

Желі қолданушылары видеодағы қыздарды көктемде Алматы тұрғындарының мазасын алған жасөспірімдерге ұқсатып, олардың елордаға көшіп келгенін жазған.

Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, таралған видео ескі жазба болып шыққан.

Сондай-ақ полиция көктемде Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдік жасөспірімдердің Қазақстаннан шығарылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, оларға елімізге қайта кіруге тыйым салынған.

Тегтер: мигрант
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз