Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:40, 08 Қараша 2024

Астанада автотұрақ ақысы жеке компаниялар қалтасына кетіп жатыр

автотұрақ
Фото: из открытых источников

Елорда жүргізушілері кейінгі үш жылда көлік тұрағы үшін төлеген 725 995 427 теңгенің 617 315 ​​439 теңгесі жеке компанияның қалтасында кетіп, 108 679 988 теңгесі ғана қала бюджетіне түскен. Яғни жүргізушілер төлеген әрбір жүз теңгенің 14 %-ы немесе 14 теңгесі ғана ел қазынасына түседі.

Бұл мәліметті бүгін мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты. Informburo.kz хабарлағандай, депутат осы кезеңде елордада тұрақ ақысын төлемегендерге 5.6 млрд теңге айыппұл салынғанын, бұл тұрақ ақысынан 7.5 есе көп екенін айтты.

«Ақылы автотұрақтарға коммерциялық орталықтар, қоғамдық орындар тіпті, құрылыс нормалары мен қағидаларын бұза отырып әлеуметтік объектілерге келушілерге арналған жерлер де берілді. Тұрғындары тиісті кондоминиум рәсімдеп үлгермеген тұрғын алаптары мен тыныш аудандарда да ақылы тұрақтар пайда болды. Астанадағы саябақтар мен тұрғын үй кешендерінің айналасында ақылы тұрақтан аяқ алып жүру мүмкін емес. Халықтың қалтасына осынша түсу заңды ма?», — деп сұрады Н.Сәрсенғалиев.

Мәжілісмен жүргізушілерге ақылы автотұрақ арқылы салмақ салу өрескел қателік деп санайды. Сол үшін елордада автотұрақта тегін тұру уақытын 30 минутқа ұзартып, ақылы автотұрақты автомобильдер ең көп жиналатын іскерлік аудандарда ғана қалдыруды ұсынды.

Тегтер: