Live

Астанада баласын сатып жіберген ана ата-ана құқығынан айырылды

Астанада 19 жастағы тұрғын жаңа туған сәбиін заңсыз бергені үшін ата-ана құқығынан айырылды.

Үйі

Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады.

Қадағалау органының мәліметінше, бойжеткен делдалдар арқылы жаңа туған баласын ерлі-зайыпты жұпқа берген. Бұл әрекет жүктіліктің сегізінші айында жасалған жалған суррогат ана келісімшарты арқылы рәсімделген.

Тергеу барысында баланың ақша үшін берілгені анықталған.

Астана прокуратурасы жаңа туған сәбиді заңсыз беру факісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған.

2025 жылғы 23 мамырдағы сот үкімімен бойжеткен мен делдалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы – «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша кінәлі деп танылды.

Сот айыпталушыларға 8 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сәби кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылған.

Сонымен қатар Астана әкімдігіне қарасты «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің талап-арызы негізінде анасы ата-ана құқығынан айырылды.

Прокуратура балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін және мұндай істер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін еске салды.

Тегтер: бала сату
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз