Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:25, 20 Наурыз 2024

Астанада Болат Назарбаевтың ұлына айыппұл салынды

Майра Құрманғалиева
Фото: из открытых источников

Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның ұлына заңсыз құрылыс жасағаны үшін айыппұл салынды.

Nege.Aqsha телеграм каналының мәліметінше, 22 жастағы Ханболат Назарбаев Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында сауда ойын-сауық орталығының құрылысын бастады. Бұрын ол жерде қонақүй мен мейрамхана болған.

2020 жылдың ақпан айында жер телімі Болат Назарбаевтың туған күнінен кейін бірден сыйға тарту шарты бойынша оның ұлына берілді. Ол  рұқсатсыз және алдын ала ескертусіз кешенді бұзып, орнына сауда орталығын салуға кіріскен.

Жер заңнамасын және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі туралы заңнаманы өрескел бұзғаны үшін Ханболат Назарбаевқа 103 500 теңге айыппұл салынып, заңсыз салынған ғимаратты бұзуға міндеттелді.

Фото: Nege.Aqsha