Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:54, 15 Наурыз 2024

Астанада балаларға қауіпсіз ережелерді үйрететін құтқару орталығы ашылды

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Балалардың қауіпсіз болуы және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуі маңызды. Кейбір жағдайда жасөспірімдер апатты жағдайда дұрыс әркет етіп өзгелерді құтқарып жатады.

 Мұндайда жастарды төтенше жағдайда қалай әрекет ету керегін үйрету маңызды. Сондықтан елімізде бірнеше жас құтқарушылар үйірмесі жұмыс істейді. Енді міне, Елордада балалрды қауіпсіз тәртіп ережелерін үйренетін «Жас Құтқарушы» балаларды оқыту орталығы ашылды.

Орталық әртүрлі тақырыптық аймақтармен жабдықталған және балаларға төтенше жағдайларда әрекет етуді үйрету үшін арнайы жасалған.

Ашылу салтанатына арнайы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев, қалалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Каналимов, елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марат Көлдіков, Төтенше жағдайлар департаментінің төрағасы Марат Құлдықов және Ардагерлер кеңесі Қанатбек Әденов, гарнизон жеке құрамы және қала мектептерінің оқушылары қатысты.

“Орталық әртүрлі тақырыптық алаңдармен жабдықталған, онда балаларға өрт техникасы, химиялық және радиациялық қорғаныс, сондай-ақ төтенше жағдайлар макеттері ұсынылады. Оқу орталығының негізгі мақсаты – балаларды қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне үйрету және дағдарыстық жағдайларда мінез-құлық туралы білім беру болып табылады”, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жиналғандар құтқарушылар алаңындағы жабдықтармен танысты. Сонымен бірге кәсіби құтқарушылар жастарға әрбір құрылғының қалай жұмыс істейтінін таныстырды және төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керек екенін өздерінің мол тәдірибелеріне сүйене отырып айтып берді.

Бұл алаңда жас құтқарушылар төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керек сияқты амаңызды әрекеттермен таныса алады.

Тегтер: