Қоғам

Астанада көпқабатты үйдегі өрт толық сөндірілді: 12 адам құтқарылды

Астанада Сарайшық ауданындағы Кенен Әзірбаев көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде шыққан өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

П

Ведомство мәліметінше, өрт жетінші қабаттағы пәтерде болған. Жалын жиһаз бен тұрмыстық заттарды шарпып, жалпы 25 шаршы метр аумақты қамтыған.

Құтқарушылар автосаты мен баспалдақ арқылы 12 адамды, оның ішінде жеті баланы аман алып шықты. Сонымен қатар тағы бес адам (оның үшеуі – бала) эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: өрт
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз