Оқиғалар

Астанада Президент саябағына көлікпен кірген жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Астанада түнгі уақытта Президент саябағының тротуарымен көлік жүргізіп, оны видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол ережесі

Сотта ер адам кінәсін мойындап, тротуармен жүруге тыйым салынғанын білмегенін айтқан. Алайда іс материалдарын қарау барысында оның құқық бұзушылық жасаған сәтте көлік басқаруға құқығы болмағаны анықталды. Сондай-ақ ол бұған дейін де бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Бұдан бөлек, ол жүргізуші куәлігінсіз және тиісті құжаттарсыз көлік басқарғаны үшін де жауапқа тартылды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз