Видео

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды, — деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды

Іс Астана қаласының Байқоңыр ауданының № 2 сотында қаралып жатыр. Қайрат Сатыбалдыұлы «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамның алдын ала сөз байласуы бойынша топтың жымқыру» баптары бойынша қылмыс жасады деп айыпталып жатыр.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз