Астанада Қытайдан Қазақстанға жүк көлігін заңсыз кіргізгендер сотталды
Астанада Қытайдан 20 FAW жүк автокөлігін заңсыз әкелу схемасына қатысқан үш адамға қатысты айыптау үкімі шықты.
Техниканың іс жүзінде "Евро-2" экологиялық класына сай екені, бірақ кедендік рәсімдеу кезінде жалған мәліметтері бар құжаттарды пайдалану арқылы "Евро-5" талаптарына сәйкес ретінде ұсынылғаны анықталды.
2023 жылдың ақпан-мамыр аралығында "Нұр Жолы" және "Бақты" кеден бекеттері арқылы Қазақстанға 20 жүк көлігі заңсыз кіргізілген. Олардың кедендік құны 285 млн теңгені құрады. Кейіннен бұл техника коммерциялық құрылымдар арқылы өткізіліп, мемлекеттік сатып алу аясында "ҚАЖсервис" ЖШС-не жалпы сомасы 605 млн теңгеге жеткізілген.
Сот үш айыпталушыны алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп тапты. Жүк кБұдан бөлек, сотталғандардан мемлекет кірісіне контрабанда затының құны – 285 млн теңге ортақтасып өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.