Live

Астаналықтар Болат Назарбаевтың туысына тиесілі сауда орталығын жазудағы қателігі үшін сынға алды

Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойында салынып жатқан Silk Way City сауда ойын-сауық орталығы әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Бұған ғимараттың қасбетінде жіберілген ағылшын тіліндегі қате себеп болған.

1

Тұрғындардың айтуынша, City сөзіндегі соңғы «C» әрпінің орнына «S» әрпі жазылған. Бұл қателік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің әзіл-қалжыңына айналды.

Осыған байланысты астаналықтар iKomek бірыңғай байланыс орталығына шағым түсірген. Орталық өтініштің тіркеліп, уәкілетті органдардың қарауына жіберілгенін хабарлады.

БАҚ мәліметінше, бұл жерде бастапқыда қонақүй кешенін салу жоспарланған. Алайда Болат Назарбаевтың ұлы деп аталатын Ханболат Назарбаев аяқталмаған қонақүйді бұзып, қажетті рұқсат құжаттарынсыз құрылыс бастаған деген ақпарат тараған.

Кейін Ханболат Назарбаев салынып жатқан нысанды бауыры Данияр Кесікбаевқа сыйға берген. Қазіргі таңда ғимарат «Urban Avto» ЖШС арқылы Данияр Кесікбаевтың меншігінде екені айтылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз