Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:45, 17 Шілде 2024

Атырауда АЭС салу мәселесі талқыланды

а
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

17 шілдеде Атырау қаласында елімізде атом электр станциясын салу жоспары бойынша жария талқылау өтті.

Облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, энергетика саласының мамандары, экологтар, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, журналистер мен блогерлер сияқты қатысушылар жиналған. Түрлі сала мамандарының қатысуы осы тақырып жайлы ашық диалог жүргізуге мүмкіндік бергені айтылады.

Энергетика министрлігінің өкілдері электр энергиясына деген сұраныстың артуы мен СО2 шығарындыларын азайтуға деген ұмтылысты ескере отырып, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту қажеттілігіне жиналған қауымның назарын аудартты, сондай-ақ болашақ атом электр станциясының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жобаның барлық кезеңдерінде мұқият жоспарлау мен қатаң бақылаудың маңыздылығын атап кетті, делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындар АЭС құрылысының мерзімі мен құны, пайдаланылған ядролық отынды сақтау, инфрақұрылымды дамыту ықтимал перспективалары жайлы сауалдарын қоя отырып, осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін мамандандырылған кадрлардың даярлығы туралы өз пікірлерін айтқан. 

Тегтер: