Оқиғалар

Атырауда бейнежазбаны бұрмалап таратқан жүргізуші жауапқа тартылды

Жүргізуші оқиға орнында түсірілген бейнежазбаға қатысы жоқ өзге аудиожазбаны қабаттап, шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқан.

Полиция

Осы дерек бойынша оған қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделіп, іс материалдары сотқа жолданды.

Айта кетейік, 19 шілдеде Атырау облысы аумағында ірі көлемдегі жүк тиеген автокөліктің жол бойында қараусыз қалдырылғаны анықталды. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін уақытша шешіп алды.

Тексеру барысында 38 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар автокөліктің жол учаскесінен қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тарапынан тиісті көмек көрсетілді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз