Қоғам

Атырауда итті күрекпен ұрған әйелге сот үкімі шықты

Сот дерегінше, масаң күйде болған әйел өз үйінің ауласында иттің басы мен тұмсығына күрекпен бірнеше рет соққы жасаған.

Қаңғыбас иттер

Жануарға қатыгездік танытқаны үшін қозғалған іс сотқа жетіп, айыпталушы жартылай кінәсін мойындаған. Ол жазаны жеңілдетуді сұраған.

Атырау қаласының №2 соты оны ҚР ҚК «жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.

Сот үкім шығару кезінде айыпталушының кәмелетке толмаған баласы барын және әлеуметтік жағдайын ескерген.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Сот
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз