Ауғанстандағы мектепте жарылыс болып, жеті оқушы қаза тапты
Ауғанстанның Кунар провинциясындағы мектептердің бірінде болған жарылыс салдарынан жеті оқушы көз жұмып, 99-дан астам адам жарақат алды.
Бұл туралы TOLO News жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға сенбі күні сағат 10:00 шамасында провинцияның әкімшілік орталығы Асадабад қаласындағы Андарсир ауданында болған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, мектеп маңында орналасқан тау-кен компаниясының қоймасындағы жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмауы мүмкін. Кейінірек жарылыстың себебі пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын өнеркәсіптік жарылғыш заттардың детонациясы болғаны хабарланды. Бұл туралы "Джомхур" ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Оқиға орнында тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазір жарылыстың нақты мән-жайы анықталып, тергеу жалғасуда.