Оқиғалар

Қазақстанның табиғи және туристік нысандары халықаралық деңгейде тағы бір мәрте мойындалды

Іле Алатауының көрікті жерлері әлемдік үздіктер қатарында!

1

The Worldworthy 100 халықаралық редакциялық рейтингінің 2026 жылғы шығарылымында Алматының үш туристік нысаны әлемнің үздік 100 нысанының қатарына енді.

1
Фото ашық дереккөз
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен байланысты екі туристік бағыт әлемдік рейтингте жоғары бағаланды.
1
Фото ашық дереккөз
Кімасар шатқалы – әлемдегі үздік жаяу туристік бағыттар арасында 56-орында.
1
Фото ашық дереккөз
Бутаков шатқалы – әлемдік рейтингте 79-орын иеленді.
1
Фото ашық дереккөз

Сонымен қатар Шымбұлақ аспалы жолы әлемдегі ең үздік 100 аспалы жол рейтингінде 9-орынға ие болды.

1
Фото ашық дереккөз

Аталған үш нысан да Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы лауреаты атанып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен бағалауларына, журналистік зерттеулерге және ашық дереккөздердегі мәліметтерге негізделген халықаралық редакциялық рейтинг.

1
Фото ашық дереккөз/1

Бұл жетістік Іле Алатауының табиғи көрікті жерлеріне халықаралық қызығушылықты арттырып, Қазақстанның экотуристік әлеуетін әлемге танытуға мүмкіндік береді.
Табиғатымыздың әлемдік деңгейде танылуы – мақтаныш қана емес, оны сақтау мен қорғаудың маңызын тағы бір мәрте көрсететін жетістік.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз