Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:30, 23 Сәуір 2024

Азаттық радиосы сыртқы істер министрлігімен келісімге келгенін хабарлады

о
Фото:

Азаттық радиосы Қазақстан сыртқы істер министрлігімен журналистердің аккредитациясы мәселесі бойынша келісімге келгенін хабарлады.

Біз сыртқы істер министрлігімен келісімді құптаймыз. Бұл процесс барысында басты мақсатымыз журналистеріміздің Қазақстандағы маңызды жұмысын қауіпсіз әрі компромиссіз жүргізуіне мүмкіндік жасау болды. Өз аудиториямызға тәуелсіз әрі шынайы ақпарат беру міндетімізге адал болып қала береміз және бұл келісім осыны жүзеге асыруға жағдай жасайды деген сенімдемін, – деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті әрі атқарушы директоры Стив Капус.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында ҚР Сыртқы істер министрілігі Азаттық радиосының 36 журналисін тіркеуден бас тартқан. Редакция министрліктің бұл шешіміне келіспейтінін айтып, сотқа арызданған.

Фото: Facebook / Kyrgyz Azattyk Unalgysy

Тегтер: