Әзербайжан ұшағын ресейлік "Панцирь" зымыраны атып түсірген - Reuters
Әзербайжан ұшағын ресейлік "Панцирь" зымыраны атып түсірген болуы мүмкін.
Әзербейжанның үкіметі дереккөздеріне сүйенген Reuters агенттігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағын Ресейдің әуе қорғанысына жауап беретін "Панцирь" зымыраны атқанын анықтады.
"Әзербайжанда бұл зымыранның бөлшегі бар. Әзербайжан AZAL ұшағын Ресей тарапы атып түсіргені туралы айғақтар алды, деп жазды Reuters ел үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.
4 ақпанда Қазақстанның көлік министрлігі Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатын тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады.
Құжат 53 беттен тұрады. Онда 25 желтоқсанда Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелері берілген. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.
"Осы есепте ұсынылған ақпарат алдын ала зерделеу және зерттеу нәтижелері мен барлық материалдар кейіннен толықтырылуы мүмкін. Зерттеу ісі аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша қорытынды есеп жасалады", - делінген құжатта.
Хабарламада комиссияның ұшақ құрылымдарының зақымдануын егжей-тегжейлі тексеруді жалғастырып жатқаны жазылған.
«Ұшақты тексеру кезінде құйрық бөлігінде, элеваторлар мен рульде, моторда шқрық тесіктер анықталды. Ұшақтың сыртындағы бүлінген тесіктер сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді" деп жазылған алдын ала тергеуде", - делінген хабарламада.