Азия чемпионаты: Бибосынов өзбек боксшысынан жеңілді, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты
Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалында тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңді.
Жекпе-жек 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтіп, отандық боксшымыздың сенімді жеңісімен аяқталды. Екінші раундта Тәшкенбай қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, ол белдесуді аяқтай алды.
Құрлықтық турнирдің жартылай финалына шығу үшін тағы бір жекпе-жек 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Онда қазақстандық әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Өзбекстанның жас өкілі Асилбек Жалиловпен жекпе-жек өткізді.
Бар болғаны екі раундтан кейін бес төрешіден үшеуі 20:18 есебімен Өзбекстан өкіліне басымдық берді. Үшінші раундтан кейін төреші Жалиловтың қолын көтерді.
Сәкен Бибосынов 2021 жылы осы салмақта әлем чемпионы атанды. Жалилов болса 2022 жылы бокстан 22 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай кем дегенде Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленеді.
Айта кетейік, Бокстан Азия чемпионаты Чиангмайда (Тайланд) 30 қарашада басталды. Қазақстан ерлер құрамасы 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр.
Осыған дейін қазақ боксшысы Бейбарыс Жексен ерлер құрамасының Азия чемпионатының ширек финалында тәжікстандық Акмал Убайдовтан жеңіліп қалды.