09:40, 05 Ақпан 2024
Балаларды сабап, қылқындырған: 30 жастағы күдікті ұсталды
Әлеуметтік желіде үй подезінде балаларды сабап, қылқындырған ер адамның видеосы тарады. Оқиға Астана қаласындағы Эдем Палас тұрғын үй кешенінде болған. Ақпаратты Астана қаласының полиция департаменті растады, деп жазады Zhasalash.kz.
Астана белгісіз ер адам балаларды шапалақпен ұрып, артынша қылқындырып, балаларға күш көрсеткен. Ер адамның әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Бүгіндде күдіктіге қылмыстық іс қозғалды.
– Аталған факт бойынша Байқоңыр ауданының полиция басқармасы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.