Live

Балқаш маңына жіберілген жолбарыс үйлерге жақындаса, тұрғындарға SMS келеді

Балқаш маңындағы Үміт атты жолбарыстың қозғалысы тәулік бойы бақылауда болады. Жыртқыштың орналасқан жері GPS-бақылау құрылғылары мен фототұзақтар арқылы қадағаланады.

Жолбарыс

Мамандар жолбарыстың қозғалысын тұрақты бақылап, оның елді мекендерге жақындау қаупін алдын ала анықтамақ.

Егер жыртқыш тұрғын үйлерге қарай бет алса, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына арнайы SMS арқылы ескерту хабарламасы жіберіледі.

«Табиғатқа жібермес бұрын оған спутниктік GPS қарғыбау тақтық. Оның көмегімен, сондай-ақ фототұзақтар арқылы жолбарыс ұрғашысының барлық қозғалысын тәулік бойы бақылап отырмыз. Ол жаңа аумаққа бейімделіп үлгерді және жергілікті жануарларды аулап жүр. Бұл аймақта жақын маңда үйлер мен фермалар болмағандықтан, үй жануарлары мен мал жоқ», – деді «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты бөлімінің басшысы Нариман Қасабеков.

Резерват аумағы бақылау деңгейіне қарай жасыл, сары және қызыл аймақтарға бөлінген. Жолбарыс қауіпті аймаққа кірген жағдайда арнайы антиконфликтік топ жұмылдырылады.

Өңір тұрғындарына қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп жатыр.Ал жыртқыш малға шабуыл жасаған жағдайда, билік өтемақы төлеуді қарастырған.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз